Олжас Абраев УЕФА Конференция лигасының ойынына делегат болып тағайындалды
Қазақстандық маман Олжас Абраев УЕФА Конференция лигасының төртінші турындағы «Панатинаикос» (Греция) және ХИК (Финляндия) командалары арасындағы матчтың делегаты болып тағайындалды, деп хабарлайды Sport+.
Матч 28 қарашада Афина қаласында өтеді. Ойынның бас төрешісі болып литвалық Донатас Румсас тағайындалған.
«Панатинаикос» алғашқы үш турда бір ғана ұпай жинады, оны сырт алаңда Сербияның «Борац» командасымен тең ойында алған. Ал финляндиялық ХИК үш ұпайға ие, оны Беларусьтің «Динамо» (Минск) командасына қарсы матчта жеңіп алды.