logo

Олимпиадаға іріктеу сайысына қатысатын хоккейшілер анықталды

Олимпиадаға іріктеу сайысына қатысатын хоккейшілер анықталды

Хоккейден Қазақстан құрамасы Олимпиадаға іріктеу жарысының соңғы кезеңіне дайындықты аяқтады, бапкерлік құрам жарысқа қатысатын құрамды жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бүгінгі күнге дейін Астанада жаттығу жүргізген хоккейшілер 23 тамыз Чехияға аттанып, дайындықты сол жақта жалғастырады.

Қақпашылар: Никита Бояркин («Барыс»), Максим Павленко («Рязань-ВДВ»), Андрей Шутов («Слован»);

Қорғаушылар: Адиль Бекетаев, Тамирлан Гайтамиров, Самат Данияр (барлығы — «Барыс»), Дмитрий Бреус («Торпедо»), Леонид Метальников («Адмирал»), Эдуард Михайлов («Арлан»), Валерий Орехов («Металлург»), Иван Степаненко («Хумо»);

Шабуылшылар: Алихан Асетов, Александр Борисевич, Динмухамед Кайыржан, Максим Мухаметов, Руслан Оспанов, Михаил Рахманов, Кирилл Савицкий, Роман Старченко (барлығы — «Барыс»), Никита Михайлис («Металлург»), Руслан Демин («Сарыарқа»), Артем Лихотников («Хумо»), Кирилл Панюков («Амур»), Евгений Рымарев («Юнисон»), Аркадий Шестаков («Адмирал»).

Бас бапкер — Олег Болякин

Бапкерлер: Георгий Верещагин, Талғат Жайлауов, Павел Бессонов