Олимпиадада қазіргі бессайыс аяқталды
2024 жылғы Олимпиада ойындарында қазіргі бессайыстан ерлер арасындағы алғашқы жартылай финал аяқталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Бұл бәсекеге қазақстандық Георгий Борода-Дудочкин қатысып, 1452 ұпай жинады. Жартылай финалда ол 16-орынға жайғасты.
Финалға шығу үшін бұл жеткіліксіз. Себебі, ақтық сынға алғашқы тоғыз спортшы ғана жолдама алды.
Бірінші жартылай финалда олимпиадалық рекордты орнатып, 1516 ұпай алған египеттік Ахмед Эльгенды көш бастап тұр.