Олимпиада жүлдегерлері балалар колониясына барды
Алматыдағы балалар колониясына Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Александра Ле және Ислам Сатпаев барып, жазасын өтеп жатқан балалармен әңгімелесті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Алматы қаласы спорт басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған кездесуде Олимпиада жүлдегерлері өздерінің балалық шақтары мен спорт жолындағы жетістіктері жайлы әңгімелеп, балалардың спортқа байланысты қойған сұрақтарына жауап берді.
Кездесудің мақсаты – колониядағы балалардың спортқа деген құлшынысын арттырып, қоғамға толыққанды азамат болып оралуларына көмектесу.
Кездесу соңында мекеме әкімшілігі келген қонақтарға алғысын білдірсе, сотталған балалар өздері жасаған бұйымдарын сыйға тартты.