Ольга Довгун: Мергендер Париж алдындағы соңғы дайындығын өткізіп жатыр
Нысана көздеуден Қазақстан командасының бас бапкері Ольга Довгун спортшылардың Париж Олимпиадасындағы соңғы дайындығына тоқталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Жазғы ойындарда Қазақстан атынан алты мерген бақ сынайды. Бұл нысана көздеушілер үшін ең жақсы нәтижелердің бірі.
«Нысана көздеуден ұлттық құрама Алматы облысындағы Олимпиадаға даярлау орталығында Париж қарсаңындағы соңғы дайындығын өткізуде. Спортшылардың көңіл-күйі жақсы. Бұл жаттығудың ең соңғы кезеңі. Сондықтан, спортшыларға сенім мол. 22 шілде күні Франция астанасын бетке аламыз», — дейді бас бапкер.
Нысана көздеуден Олимпиадада сынға түсетін спортшылар:
Ислам Сәтпаев
Никита Чирюкин
Александра Ле
Арина Алтухова
Константин Малиновский
Ирина Юнусметова