logo

Олег Болякин: Біз өте жақсы команда құрдық

Олег Болякин: Біз өте жақсы команда құрдық

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасының бас бапкері Олег Болякин Olympic.kz сайтына команданың Олимпиадаға іріктеу турниріне дайындығын жоғары бағалаайтынын жеткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

"Біз өте жақсы команда құрдық. Дайындығымыз жақсы. Мүмкіндігіміз де жоғары. Жан-жақтағы ойыншылар түгел жиналып жатыр.

Дайындықтың үш кезеңі жоспарланған. Қазір екіншісін өткеріп жатырмыз. Соңғысы Чехия мен Словакияда өтеді. Сол кезде команданың негізі жасақталады.

Әзірге айтарым, біздің мүмкіндігіміз бар", - деді Болякин.

Айта кетелік, Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчты Венгрияға қарсы өткізеді. 



Күн шежіресі