Жеңілмеген ресейлік файтер Умар Нурмагомедовтің бапкері Хавьер Мендес Мераб Двалишвилиді ең қауіпті қарсылас деп санайды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Менің ойымша, Умар үшін ең қауіпті қарсылас – Мераб Двалишвили. Мен олардың жекпе-жегін көргім келеді», – деді Хавьер Мендес.

Умар Нурмагомедовтың кәсіпқой аралас жекпе-жектегі рекорды 16-0. 2023 жылдың қаңтарында өткен соңғы жекпе-жегінде бразилиялық Раони Барселосты бірінші раундта нокаутқа түсірді.