logo

Нұрбек Қарабала Tobet Top Team турнирден шығуы жайында

Нұрбек Қарабала Tobet Top Team турнирден шығуы жайында

Naiza лигасының президенті Нұрбек Қарабала Tobet Top Team командасының промоушен турнирінен шығуы жайында айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

 «Әр команданың өз приоритеті мен мақсаты болады. Менің ойымша, олар панкратионнан Қазақстан чемпионатына ден қойған сияқты. Бұл таңдау үшін оларды айыптамаймын. Панкратион федерациясының жұмысын атап өткіп келеді, олар өз чемпиондарына айына  400 мың теңге төлейді. Спортшыларға бұл чемпионатқа қатысуына неге рұқсат берем десеңіздер, себебі анық. Басқа ешкім оларға сол ақшаны төлемейді. Олар отбасын асырап жүр. Біздің лигада гонорар жаман емес, бірақ ол тұрақты табыс емес»­­, ­ — деді Қарабала Naiza 59 турнирінің баспасөз мәслихатында. 


Күн шежіресі