Нұрбек Қарабала Сағын – Жұбаныш жекпе-жегі туралы: Егер Бағдат жеңсе, үшінші жекпе-жек болады

NAIZA лигасының президенті Нұрбек Карабала Қазбек Сағын мен Бағдат Жұбаныш арасындағы реванш туралы өз ойымен әлеуметтік желілерде бөлісті, деп хабарлайды Sport+:
«Қарағандыда өтетін NAIZA 73 турниріне 16 күн қалды. Кештің басты жекпе-жегі — Қазбек пен Бағдат. Өткен жолы жеңісті Сағын иеленген еді. Егер Қазбек тағы да жеңсе, бұл сұрақ жабылады. Ал егер Бағдат жеңіске жетсе, онда, ойымша, шешуші үшінші жекпе-жек өтеді».
Олардың алғашқы жекпе-жегі Қазбектің бөлінген шешіммен жеңісімен аяқталған болатын. Реванш Қарағандыда өтетін NAIZA турнирі аясында өтеді.
Sport+ телеарнасы турнирді Қарағандыдан тікелей эфирде көрсетеді.