Нұрбек Қарабала Сағын – Саясатов жекпе-жегі туралы: Қос шапшаң әрі мықты спортшылардың жекпе-жегі қызықсыз өтуі мүмкін емес

NAIZA лигасының президенті Нұрбек Қарабала Sport+ сайтына берген сұхбатында Өскеменде өтетін турнирдің басты жекпе-жегіне баға берді.
Бұл кездесуде Қазбек Сағын мен Еламан Саясатов күш сынасады:
«Әртүрлі пікірлер естіп жүрмін — біреулер Қазбек тәжірибелі дейді, басқалар керісінше пікірде. Меніңше, екі шапшаң әрі мықты соққыш спортшының жекпе-жегі қызықсыз өтуі мүмкін емес. Ұшқын болары анық. Әрқайсысының өз артықшылықтары бар: бірі жиі партерге түсірсе, екіншісі соққыда жақсы. Менің ойымша, мүмкіндіктер 50/50. Жекпе-жек күні жақындаған сайын, бұл кездесу одан әрі қызықты болып барады»
Турнир 27 қыркүйекте Өскемен қаласында өтеді. Тікелей эфирді Sport+ телеарнасынан тамашалауға болады.