Нұрбек Қарабала: Рафиков-Аббасов жекпе-жегін ұзақ күттік
Naiza промоушн басшысы Нұрбек Қарабала Фаниль Рафиков пен Нариман Аббасов арасындағы алдағы жекпе жек жайында пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan
«Бұл кездесуді ұзақ күттік. Нариманның келуінің астарында Фанильмен кездесу тұрған еді. Бірақ Рафиков жарақаттанып, Аббасов Қаныбекпен жоғары деңгейде жұдырықтасты. Жалпы бізде жеңіл салмақта өте қызық жағдай орын алды. Қаныбек үміткер болғанымен, Фаниль мен Нариманға ұтылды, енді Кабардиев қашан дайын болар екен деп күтудеміз. Рафиков Аббасовпен шыққысы келеді, бірақ Донченконы да ұмытпау керек. Менің ойымша, Нариман мен Фанильге өзара осы істі аяқтау керек, кейін қалғаны да анықтала жатар», – деді Қарабала.
26 сәуір күні Фаниль Рафиков Naiza 59 октагонында әзірбайжан Нариман Аббасовпен кездеседі.
2023 жылдың наурыз айында Фаниль Рафиков жарақатының себебімен Аббасовпен жекпе жектен бас тартқан еді. Бұл Астанадағы Naiza 50 турнирінің басты кездесуі еді.