Нұрбек Қарабала: Қаныбек пен Донченко дәл қазір UFC-де бәсекелес бола алады
NAIZA лигасының басшысы Нұрбек Қарабала Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында NAIZA 62 турнирін қорытындылады.
- Өтпей қалған жекпе-жектер өте қызық болу керек еді, бірақ әр нәрсенің қайыры бар. Прелимда мықты жекпе-жектерді көрдік, содан кейін мэйнкардта Тимур Серікұлы өзінің тәжік қарсыласымен, Донченко мен Қаныбек және Абзалиев пен Сантос араларындағы жекпе-жектерді көріп, қуанып отырмын. Тағы бір қуантатын жайт: Донченко мен Қаныбек біздің лигада өскен жауынгерлер. Олар тәжірибе жинап, шеберліктерін шыңдаған. Екеуіде дәл қазір UFC-ге барса, бәсекелес бола алады. Осындай жекпе-жектерден кейін біздің лига одан әрі дамып, осындай тамаша жауынгерлерді халықаралық деңгейге шығару тиіс, - деді Қарабала.