Нұрбек Қарабала: Ідіріс пен Донченконың жолы – табандылық пен арманға деген сенім үлкен жетістіктерге жеткізетінінің жарқын мысалы

NAIZA ұйымының бұрынғы екі чемпионы Әліби Ідірис пен Даниил Донченко TUF шоуының финалына шығып, UFC лигасымен келісімшарт үшін жекпе-жекке шығады, деп хабарлайды Sport+.
Донченко мен Идрис жетістігі туралы Sport+ арнасына арнайы пікір білдірген NAIZA лигасының президенті Нұрбек Қарабала былай деді:
«Біздің чемпиондарымыздың әлемдік аренаға шығып, NAIZA – болашақ UFC жұлдыздарына арналған платформа екенін дәлелдеп жатқаны – біз үшін үлкен мақтаныш. Мен Әлібимен де, Даниилмен де мақтанамын. Олардың жолы – табандылық пен арманға деген сенімнің үлкен нәтижелерге жеткізетінінің айқын дәлелі. Бұл – NAIZA файтерлерінің әлемдік ММА деңгейіне толықтай дайын екенін көрсетеді.
Біз аймақтағы ММА дамуын жалғастырып, спортшыларымызды халықаралық аренаға шығарудамыз. Әліби Ідірис пен Даниил Донченконың жеңістері – стратегиямыздың дұрыстығының ең жақсы дәлелі»
UFC келісімшарты үшін жекпе-жектер 16 тамызда өтетін турнирде өтеді.