logo

Нұрбек Қарабала: Абу толыққанды үміткерлік жекпе-жекке шығады

Нұрбек Қарабала: Абу толыққанды үміткерлік жекпе-жекке шығады

NAIZA лигасының президенті Нұрбек Қарабала Sport+ басылымына берген сұхбатында 27 шілдеде Ақтауда өтетін турнирге қатысты лиганың алдағы жоспарларын айтып берді.

Аталған кеште қазақстандық Нұрболат Абу жекпе-жек өткізеді.

«Нұрболат Абу — лигамыздың ардагерлерінің бірі. Ол өте мықты қарсылас — Шарапидин Магомедовпен кездеседі. Бұл — толыққанды үміткерлік жекпе-жек. Егер Абу осы қарсыласты жеңсе, біз оған чемпиондық титул үшін жекпе-жек ұйымдастырамыз. Ал егер Абу мен Дастан қандай да бір себептермен бір-бірімен кездескілері келмесе, және Дастан белбеуден бас тартуға дайын болса, онда біз оған (Алиби сияқты) титулдық емес, бірақ UFC-ге бағытталған жекпе-жектер ұйымдастырамыз. Ал Абу лига чемпионы атағы үшін жекпе-жекке шығады».

NAIZA турнирлерін тікелей эфирде Sport+ телеарнасы көрсетеді.



Күн шежіресі