27 шілде күні Ақтауда NAIZA лигасының ауқымды турнирі өтеді.

Басты жекпе-жекте лига чемпионы Нұрбек Қабдрахманов UFC-дің бұрынғы файтері, Қытайдан шыққан этникалық қазақ Бағлан Жеңісұлымен чемпиондық белдігін қорғайды.

Сондай-ақ турнирде лиганың ең жарқын үміткерлерінің бірі Али Багаутдинов, жергілікті жанкүйерлердің сүйіктісі әрі жұдырықтасу жұлдызы Қанат Құлмағамбетов және басқа да спортшылар өнер көрсетеді.

Турнирдің басталуы 17:00–ге жоспарланған.

Тікелей трансляцияны Sport+ телеарнасынан, sportplustv.kz сайтынан және sportplus\\_qaz YouTube арнасынан көруге болады.