Нодира Ахмедова таеквондодан Польшадағы турнирде жүлделі орынға ие болды

Нодира Ахмедова таеквондодан Польшадағы турнирде жүлделі орынға ие болды

Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Нодира Ахмедова Польшада өтіп жатқан халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

49 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Ахмедова Болгария спортшысы Александра Георгиеваны 2:1 есебімен ұтты.

Ал шешуші жекпе-жекте қазақстандық спортшы Испания өкілі Виолетта Аррибастан 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

Осылайша, Ахмедова күміс медаль иеленді.



Күн шежіресі