Ненад Лалович Қазақстанда күрестен әлем чемпионатының өткізілу мүмкіндігі жайлы айтты

UWW президенті Ненад Лалович Sport+ телеарнасына берген сұхбатта Қазақстанда күрестен әлем чемпионатын өткізу мүмкіндігі жайында айтты:
— Шыны керек, біздің күнтізбеміз 2029 жылға дейін бос емес. Биыл әлем чемпионаты Хорватияда өтсе, одан кейін Бахрейн және Лас-Вегас күтіп тұр. Олимпиада бағдарламасына қосылмаған салмақ дәрежелері бойынша әлем чемпионаты мен 2029 жылдан кейінгі біріншіліктерді қарастыру мүмкіндігі бар.
— Қазақстандағы күрес деңгейін қалай бағалайсыз?
— Қазақстанда күрес аса танымал. Тіпті ұлттық спорт десе де, артық емес. Қазақтар генетикалық тұрғыда күреске бейім келеді, сондықтан осы спортты жақсы көріп, оны барынша дамытып жүр.