logo

Назым Қызайбай: Жекпе-жектің басында бапкерлерімді кішкене алаңдатып жібергендей болдым

Назым Қызайбай: Жекпе-жектің басында бапкерлерімді кішкене алаңдатып жібергендей болдым

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Назым Қызайбай Олимпиададағы алғашқы жекпе-жегіне қатысты Olympic.kz сайтына пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan 

«Бірінші жекпе-жек болғаннан кейін шығар, кішкене қиындау болды. Енді келесі айқастарымда бұдан да жақсы жұдырықтасуға тырысамын. Олимпиаданың атмосферасы өте керемет. Адамдар да өте көп, жалпы өзіме ұнап жатыр.

Жекпе-жектің басында бапкерлерімді кішкене алаңдатып жібергендей болдым. Алайда, ең бастысы қарсыласымды ұттым. Қарсыластарымның барлығы мықты. Сол үшін алдағы айқастарыма барынша тыңғылықты дайындалып шығамын» деді кездесуден соң сөз алған Қызайбай.