logo

Назым Қызайбай: Колумбиялық боксшыдан есемді қайтардым

Назым Қызайбай: Колумбиялық боксшыдан есемді қайтардым

Назым Қызайбай Олимпиада Ойындарының жартылай финалына шықты. Бұл - Назым жүлдегерлер санатында осы бастан қосылды деген сөз. Бокстан Қазақстан әйелдер командасының мүшесі ширек финалдық жекпе-жегіне қатысты Olympic.kz тілшісіне пікірін айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

"Бүгінгі колумбиялық қарсыласымнан әлем чемпионатында ұтылып қалған едім. Осы жолы есе қайтаруға тырыстым.

Негізінен, ақылмен жеңдім деп айта аламын. Тактика сондай болды.

Келесі қарсыласым да оңай емес, қытайлық боксшы. Ол әлем және Азия ойындарының чемпионы.

Десе де, жекпе-жекке жақсы дайындалып, жеңуге тырысамын. Алтын медальға таласуға бар күшімді саламын", - деді Қызайбай.