Нариман Құрбанов: Финалда бар күшті салу керек
Қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов Олимпиада ойындарының финалына шықты. Ол ат жаттығу бойынша жүлде үшін күреседі. Спортшының айтуынша, ол іріктеу кезеңінде бағдарламасын сәл жеңілдеткен, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Негізінде, іріктеу кезеңінде бәрін жақсы жасадым. Алайда, жоспарланған күрделіліктің аз бөлігін орындамадым. Комбинацияны сәл жеңілдеттім, бірақ финалға өте алдым. Финалда бар күшімді салып, барлық программаны толық көрсету керек. Іріктеу кезеңінде бір элементті алып тастағаным үшін қанағаттанбау қалды. Қалай болғанда да барлық элементтерді орындауым керек. Негізгі қарсыластар, іріктеу нәтижелері бойынша, америкалық және британдық болады. Дегенмен, бәрі өздерінің бар күшін салады. Жүлде үшін күрес болады».
Атта жаттығу бойынша финал 3 тамызда өтеді.