logo

Нариман финалда барлық мүмкіндігін көрсетті: Бас бапкер Париж Олимпиадасын қорытындылады

Нариман финалда барлық мүмкіндігін көрсетті: Бас бапкер Париж Олимпиадасын қорытындылады

Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасының бас бапкері Александр Ким отандық гимнастардың Париж Олимпиадасындағы көрсеткішін қорытындылады. Olympic.kz сайтына сұхбат берген маман отандық гимнастикадағы тарихи медальға көп адамның еңбегі сіңгенін жасырмады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Айта кетелік, Париж Олимпиадасында қазақстандық Нариман Курбанов тұтқалы ат снарядындағы жаттығудан күміс медаль жеңіп алған болатын. 

Нариман финалда барлық мүмкіндігін көрсетті: Бас бапкер Париж Олимпиадасын қорытындылады

«Нариманның жүлдесі Қазақстан гимнастикасындағы тарихи медаль деп айтсам, артық емес. Тәуелсіздік алғалы бері аталған спорт түрінен алғаш рет Олимпиада медалін иелендік. Курбанов ұлттық құрамаға жеті жыл бұрын қабылданды. Осы уақыт аралығында оның өсіп-жетілуіне құрамадағы көптеген маман атсалысты. Милад Каримидің әлемдік жарыстарда көзге түскені де отандық гимнастарға серпін берді. Сондықтан, бұл медаль бәрімізге ортақ деп айтамын. 

Олимпиадаға қайта оралсам,  Нариманның жаттығуды бірінші орындағаны көп көмек болды. Өйткені, жаттығуды бірінші орындау біздің спортшыға психологиялық тұрғыдан оңай еді. Қарсыластарының ұпайын көрмегені оның жаттығуды таза әрі сапалы орындауына әсер етті. Курбанов іріктеуде өзінің базалық қиындығын толық көрсетпей, финалға алтыншы орынмен өтті. Қуанышқа қарай, ақтық сында қателік жібермей, бәрін таза алып шыққаны Олимпиаданың жүлдесін қоржынға салып отыр.

Нариман финалда барлық мүмкіндігін көрсетті: Бас бапкер Париж Олимпиадасын қорытындылады

Ақтық сын өте тартысты өтті. Сырттай қарағанда, америкалық Стефан Недорошиктің  жаттығуды орындауы бәрінен де жоғары еді. Ол базалық қиындығы төмен болғандықтан (6,3) қола медаль иеленді. Ал екі дүркін әлем чемпионы, ирландиялық Риз Макленаген тазалық жөнінен сәл алда болды. Ол Нариманға қарағанда жылдамырақ  қимылады әрі бойы да қысқалау. 

Нариман Курбанов өзінің толық мүмкіндігін финалда көрсетті. Жаттығу соңында секіріп түсетін сәтінде көп қателік жіберсе де, маусым бойы базалық қиындығын толық орындай алмаса да, Олимпиаданың финалында   ол аянған жоқ. Ұлыбританиялық Макс Витлок қате жіберіп, Нариманнан төмен ұпай алғанда-ақ, мен біздің медаль болатынына толық сендім.

Нариман финалда барлық мүмкіндігін көрсетті: Бас бапкер Париж Олимпиадасын қорытындылады

Тұтқалы ат снарядындағы басты фавориттердің бірі Ли Чи Кай (Тайпей) Олимпиададан сырт қалды.  Курбановтың басты қарсыластарының бірі, иорданиялық Абу Ахмад та Париж ойындарының іріктеуінде сүрінді. Олимпиада – нағыз шайқас. Мұнда шеберліктен бөлек, жүйкенің мықтылығы да үлкен роль ойнайды. Нариман Курбанов біздің спортшылардың да Олимпиада тұғырына лайық екенін көрсетті. Оның жетістігі жас өрендерге жігер берері сөзсіз», - дейді бас бапкер. 

Команда жетекшісі ұлттық құрама үздігі Милад Каримидің сәтсіздігіне де тоқталды. 

Нариман финалда барлық мүмкіндігін көрсетті: Бас бапкер Париж Олимпиадасын қорытындылады

«Милад біздің беткеұстар спортшымыз. Ол сияқты мықты көпсайысшы бізде жоқ. Егер Милад сияқты тағы екі гимнастымыз болғанда, менің көңілім тынышталатын еді. Қазір Курбановтың өкшесін басып келе жатқан Зейнолла Ыдырысов бар. Ал көпсайыстан Ілияс Азизов пен Дмитрий Патанин Карими сияқты үздік нәтиже көрсете алар емес. 

Париж Олимпиадасына Милада нағыз бабында барды. Ал Олимпиадада не болғанын өзі де, бапкері де түсіне алар емес. Меніңше, жеребенің әсері тиген сияқты. Еркін жаттығудан финалда ол бағдарламаның қиындығын азайтқан жоқ. Бірақ сол жердегі үздіктерден базалық қиындық бойынша артта қалды.

Нариман финалда барлық мүмкіндігін көрсетті: Бас бапкер Париж Олимпиадасын қорытындылады

Ойын аяқталған соң, Миладтың көңіл-күйі қатты түсіп кетті.  Бүгінде ол бұрынғы қалпына қайта оралып, алдағы жарыстарға дайындықты қайта жалғастырады. Жақында құрамада жиын өткіздім. Ол алдағы әлем чемпионатына қатысып, тіпті, медаль әкелетінін айтып отыр. Бізге Милад Карими сияқты спортшылар аса қажет», - дейді Александр Ким.