logo

NAIZA лигасы жас жауынгерлерге арналған жаңа жобаны таныстырды

NAIZA лигасы жас жауынгерлерге арналған жаңа жобаны таныстырды

NAIZA лигасы жаңа «NAIZA JEKPE-JEK» турнирлер сериясын тұсауын кеседі. Бұл жоба жас әрі мансабын жаңа бастап жатқан жауынгерлердің алаңы болмақ.

NAIZA JEKPE-JEK жобасына танымал болуды аңсайтын және аралас жекпе жекте өз атын қалдыруды мақсат еткен кез келген жауынгердің қатысу мүмкіндігі бар.

Лига қатысушыларға кәсіби алаңда өнер көрсетуге мүміндік береді. Әр кездесудің нәтижесі ресми Sherdog базасына енеді. NAIZA JEKPE-JEK-те өзін жақсы көрсеткен спортшылар NAIZA лигасымен келісім-шартқа отырады.

ММА әлемінің жаңа жұлдыздарын жағатын NAIZA JEKPE-JEK турнирін 14-наурыз күні сағат 20:00–де SPORT+ QAZAQSTAN арнасынан тамашалаңыз.

«Күн сайын маған және лиганың матчмейкері Жандарбекке жас жауынгерлерден көптеген хаттар келеді. Олар біздің промоушенде өнер көрсетуге ниет білдіреді. Хаттардың көптігі сонша, біз NAIZA JEKPE-JEK атты жаңа жобаны бастамақпыз. Бұл жобада жас әрі амбициясы жоғары кез келген жауынгер өзін көрсетуге мүмкіндік алады», — деп мәлімдеді NAIZA лигасының президенті Нұрбек Қарабала.



Күн шежіресі