NAIZA лигасы Алматыға қайта оралады
Халықаралық NAIZA 78 турнирі 29 қарашада Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өткізу жоспарлануда.
Көрермендерді жарқын шоу, әсерлі жекпе-жектер және қазақстандық ММА жұлдыздарының қайта оралуы күтеді.
Кештің басты оқиғасы — жартылай жеңіл салмақ дәрежесіндегі лига чемпионы Нұрбек Қабдрахманов пен қытайлық спортшы Балғын Жеңісұлының тартысты реваншы болады.
Толық жарысты Sport+ телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.