Мырзағали Айтжанов: Бұл — Олимпиада, бәріне дайын болу керек
Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов команда капитаны Асланбек Шымбергеновтің жеңілісіне қатысты Olympic.kz сайтына пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan
«Қарсылас оңай емес. Оның алдында да бір-екі рет кездескен. Қарсыласын тоқтата алмады. Жеңісті 3:2 есебімен бізге де, қарсыласқа да беруге болады.
Төрешілер ұпайдан қысты дей алмаймын. Жеңіске деген құштарлығы басым болғасын, иорданиялық спортшыға берді деп ойлаймын.
Бұл — Олимпиада, сол үшін бәріне дайын болу керек», — деді Айтжанов.
71 келіде жұдырықтасқан Асланбек Шымбергенов алғашқы жекпе-жегінде иорданиялық Зеяд Ишаишке есе жіберген болатын.