Мохаммед «Парсы» Хейбати: Мен Үсербай үшін кек аламын, «Ушу Шеберін» нокаутқа түсіремін

ММА жауынгері Мохаммед «Парсы» Хейбати «Сула. Наш боец» жобасына берген сұхбатында Дәулет Үсербай үшін кек алып, Андрей Ефимовты нокаутқа түсіруге уәде берді, деп хабарлайды Sport+.
«Мен Дәулет жеңеді деп ойладым, бірақ ол сәл дұрыс бастамады. Меніңше, ол қатты уайымдап, өз мүмкіндігін толық көрсете алмады. Бауыр тұсына бірнеше соққы жіберіп алды да, жалғастыра алмады. Оған тезірек сауығып кетуді тілейміз. Ал мен өзім оның орнына „Ушу-Шеберін“ нокаутқа түсіремін, көресіздер әлі», — деді Хейбати.
Хейбати мен Ефимов октагонда бірден көзқарас айқасын өткізді. NAIZA лигасының жоспарына сәйкес, бұл кездесуде «Лиганың медиялық жекпе-жекшісі» белбеуі сарапқа салынады.