logo

ММА жауынгері Аян Тұрсын боксшы Назым Қызайбаймен жанжал туралы айтты

ММА жауынгері Аян Тұрсын боксшы Назым Қызайбаймен жанжал туралы айтты

Қазақстандық ММА жауынгері Аян Тұрсын Sport+ телеарнасының құрметті қонағы болып, олимпиада жүлдегері, боксшы Назым Қызайбаймен арадағы достығы мен алғаш таныстығы туралы айтты.

«Бұрын интернатта „система“ деген ұғым болатын. Мен спорт мектебіне алғаш келгенде, боксшы қыздар маған „тиісіп көрейік“ дегендей болды. Арасында Назым Қызайбай да бар еді. Сонда мен: „Қыздар, жол беріңдерші, жаттығуға асығып тұрмын“ деп жауап бергенмін. Кейін анаммен ұрысып қалған кезімде, Назым келіп, қолдау білдіріп, сол күні таңғы алтыға дейін сөйлесіп отырдық. Содан бері біз жақсы құрбыға айналдық», — деді Аян.

Аян Тұрсынмен болған жүрекжарды сұхбатты төмендегі плеер арқылы көре аласыздар.



Күн шежіресі