ММА жауынгері Аян Тұрсын: Байдың қызы болсам, октагонда төбелеспес едім

Қазақстандық ММА жауынгері Аян Тұрсын Sport+ телеарнасының құрметті қонағы атанып, анасының өмірдегі қиындықтары қалай әсер еткені және үлкен арманы туралы айтты.
«Егер өмірім жақсы болып, байдың қызы болсам, төбелеспес те едім. Әкем ерте қайтыс болды, анам біраз қиындық көрді — үш баланы жалғыз өзі өсіріп жеткізді. Қазір менің анам — мен үлгі тұтатын адам. Ол көп сынақтан өтті. Егер мен сол қиындықтарды көрмегенімде, бәлкім, мен сәтсіздіктерден кейін сынып кетер ме едім. Менің анам — мықты адамдардың бірі. Мен оған өмірдің барлық жақсылығын көрсеткім келеді. Мысалы, оны саяхатқа шығарып, әлемді танытқым келеді. Ең үлкен арманымның бірі — анамды қажылыққа, Меккеге апару», — деді Аян.
Аян Тұрсынмен болған жүрекжарды сұхбатты төмендегі плеер арқылы көре аласыздар.