Михаил Кукушкин Ноттингем турнирінің жартылай финалына шықты
Қазақстандық, әлемнің 247-ракеткасы Михаил Кукушкин Ноттингем (Ұлыбритания) челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Қазақстандық спортшы ширек финалда әлемнің 225-ракеткасы, болгариялық Димитар Кузмановты қапы қалдырды.
Сағат жарымға созылған бәсекеде М.Кукушкин 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Ол 5 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың төртеуін құр жібермеді. Д.Кузмановтың есебінде 1 эйс, 1 брейк (3 брейк-пойнт) бар.
Михаил Кукушкин әлемнің 250-ракеткасы, франциялық Маттео Мартиномен финалдың жолдамасын сарапқа салады.