logo

Михаил Кравец «Барыстың» «Тракторды» жеңуінің құпиясын атады

Михаил Кравец «Барыстың» «Тракторды» жеңуінің құпиясын атады

«Барыс» бас бапкері Михаил Кравец баспасөз-мәслихатында «Трактормен» өткен матчты қорытындылады, деп хабарлайды Sport+ елордалық клубтың баспасөз-қызметіне сілтеме жасап. 

«Ең бірінші айтқым келетіні — жеңісте жанкүйерлердің үлкен рөлі болды. Әрине, көрермендер саны көп болған кезде хоккейшілер басқаша ойнай алмайды. Олар әрқашан жанкүйерлері, өз қаласы, өз елі үшін барын салады, жұмыс істейді, күреседі. Сондықтан бұл біз үшін өте маңызды, келген барлық жанкүйерлерге алғыс айтамын және барлығын жеңістерімен құттықтаймын! Команданы да құттықтаймын. Біз мықты қарсыласты, жақсы команданы жеңдік. Жарақатсыз болмайды — Маккошен шайбадан бетіне ауыр соққы алды, бірақ жеңіс басқа жолмен келмейді. Бүгін командалық рух болды, қақпашы және төрт топ барын салып ойнады, жеңіске жету үшін бәрін жасады. Бұл ойын біз үшін маңызды болды, жеңіс сенімділік береді, енді деңгейді сақтап қалу керек, бұл әлдеқайда күрделі», — деді бапкер.