logo

Михаил Кравец «Барыста» тағы бір маусымға қалды

Михаил Кравец «Барыста» тағы бір маусымға қалды

«Барыс» негізгі команданың бас бапкері қызметін атқарып отырған Михаил Кравецпен ынтымақтастықтың ұзартылғанын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Маманмен жасалған келісім 2027 жылғы 31 мамырға дейін есептелген.

Михаил Григорьевичтің жетекшілігімен «Барыс» тұрақты чемпионатта Шығыс конференциясында оныншы орын алып, соңғы үш маусымдағы ең үздік нәтижесін көрсетті. Сонымен қатар, қазақстандық көптеген хоккейшілер өз ойын деңгейі мен нәтижелілігін айтарлықтай жақсартты.



Күн шежіресі