logo

Милад Карими: Жаман емес өнер көрсеттім деп ойлаймын

Милад Карими: Жаман емес өнер көрсеттім деп ойлаймын

Париж Олимпиадасынан 5-орынмен оралған спорттық гимнастикадан Ұлттық құрама мүшесі Милад Карими Kazinform агенттігімен алдағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

— Өзімнің жаттығуым — керме снарядының финалына шыға алмадым. Бірақ еркін жаттығудың финалында бақ сынадым. Бұл да маған жақын сайыс. Жалпы жаман емес өнер көрсеттім деп ойлаймын. Алдағы жоспар бойынша, алдымен демалу керек. Ойымды жинақтап қателіктермен жұмыс істеу қажет. Одан кейін жаңа күшпен жеңіске ұмытыламыз, — деді спортшы.

Сондай-ақ Милад Карими қазақстандықтардың қолдауын сезінгенін айтып, жанкүйерлерге алғыс айтты.

Парижден оралған спортшыларды Алматы әуежайында салтанатты күтіп алу рәсімі кезінде Нариман Құрбанов пен Милад Каримиге 1 миллион теңгелік сертификат табысталды.