Мейірім Нұрсұлтанов WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулына ресми үміткер атанды

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулына ресми үміткер атанды, деп хабарлайды Sport+ Kazinform cайтына сілтеме жасай отырып.
Америкалық Supreme Boxing басылымының хабарлауынша, Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) орта салмақтағы әлем чемпионы доминиканалық Карлос Адаместың (24-1, 18 КО) міндетті қарсыласы ретінде Мейірім Нұрсұлтановты белгіледі.
Айта кетерлігі, Мейірім Нұрсұлтанов соңғы жекпе-жегін 2023 жылы қарашада Ташкентте (Өзбекстан) өткізіп, чилилік боксшы Хулио Аламоспен (16-1-1, 9 КО) 12 раунд бокстасып, төрешілер шешімімен жеңген болатын.
Карлос Адамес алдыңғы аптада Сауд Арабияда өткен бокс кешінде ұлыбританиялық Хамза Ширазбен (21-0-1, 17КО) тең түсіп, чемпиондық белдігін сақтап қалды.
Еске сала кетсек, екі боксшы арасындағы жекпе-жек өткен жылы өту керек болған еді. Алайда, Карлос Адамес америкалық Террелл Гушемен (21-4-1, 12КО) жұдырықтасып, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жеткен.