logo

Мбаппе Погбаның жазасын өтеу мерзімі қысқаруына байланысты пікір білдірді

Мбаппе Погбаның жазасын өтеу мерзімі қысқаруына байланысты пікір білдірді

Мадридтік «Реал» мен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе «Ювентус» клубының жартылай қорғаушысы әрі өзінің отандасы Поль Погбаның шеттетілу мерзімінің қысқаруына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бұған дейін допинг қолданғаны үшін жазаланған француздың дисквалификация мерзімі 4 жылдан 18 айға қысқарды. Яғни, бұл дегеніміз, Погба келесі жылдың 31 қаңтарында «Ювентус» сапында жаттығуға оралып, ал наурыз айында ресми матчтарға қатысуға мүмкіндік алады деген сөз.

Бұл жайтқа байланысты Мбаппе өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында «О, Құдайым-ау», — деп жазба қалдырды. Осылайша ол жерлесі үшін қуанышты екенін білдірген.