logo

«Трабзонспор» маусымның алғашқы жеңісіне қол жеткізді, серияны ұзарта ала ма? «Хатайспор» — «Трабзонспор» матчының тікелей эфирі

«Трабзонспор» маусымның алғашқы жеңісіне қол жеткізді, серияны ұзарта ала ма? «Хатайспор» — «Трабзонспор» матчының тікелей эфирі

Маусымның бірінші жеңісінен кейін «Трабзонспор» турнир кестесінің аутсайдері «Хатайспор» командасына қонаққа барады.

Шенол Гюнештің шәкірттері маусымды қатарынан бес тең нәтижемен бастады, бірақ соңғы турда «Коньяспорды» жеңе алды (3:2).

Осы жеңістің арқасында олар кестеде сәл көтеріліп, 8-ші орынға ие болды, бірақ былтырғы қола жүлдегер үшін бұл, әрине, қолайлы нәтиже емес.

«Хатайспор» қоржынында тек 2 ұпай ғана бар, олар жеңістің дәмін әлі білмеген, нәтижесінде кестедегі соңғы орында жайғасты.

Матч 21:00–де басталады. Тікелей эфирде ойынды Sport Plus Qazaqstan телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан көруге болады. 



Күн шежіресі