Мария Агапова кәсіпқой бокста дебют жасады
Қазақстандық Мария Агапова Атлантадағы турнирде кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе жегін өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Агапованың қарсыласы неміс Николь Шафер болған еді. Жекпе жек толық мерзімде өтіп, тең есеппен аяқталды.
Агапова UFC лигасында шыққан алғашқы қазақстандық спортшы еді. Бірақ қатарынан үш жеңілістен соң оның келісім шарты тоқтатылды. Бұл жағдайдан кейін Мария жұдырықтасу лигасымен келісім шартқа қол қойғанын жариялаған еді.