logo

Мақсатымыз – UFC белбеуі: Асу Алмабаевтың бапкері файтердің жоспарын айтты

Мақсатымыз – UFC белбеуі: Асу Алмабаевтың бапкері файтердің жоспарын айтты

Dar Pro Team командасының жаттықтырушысы Эдуард Базров шәкірті Асу Алмабаевтың UFC-дегі үшінші жекпе-жегі, алдағы жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

16 маусымда Асу Алмабаев америкалық файтер Хосе Джонсонмен жекпе-жекке шығып, төрешілердің шешімімен ұтқан еді. Осылайша қазақстандық файтер MMA-дағы жиырмасыншы, ал UFC-дегі үшінші жеңісіне қол жеткізді.

«Асудың өнеріне дән ризамын. Көздеген мақсатымызға жақындап келеміз, жұмысты жалғастырамыз. Әрине, жекпе-жек барысында кейбір сәттерде біз уайымдай бастадық. Бірақ Асу бәрін бақылауда ұстады, бәрі жақсы.

Біз UFC рейтингіне енуге талпынып жатырмыз. Ертең рейтинг жаңаруы керек. Асу өз салмағындағы үздік 15 файтердің қатарына кірсе жаман болмас еді деп ойлаймын. Ал біздің мақсатымыз – UFC белбеуі», - деді Базров.

Айта кетейік, UFC-дің 18 маусымда жаңартылған рейтингіне сәйкес, Асу Алмабаев ең жеңіл салмақтағы үздік файтерлердің қатарына енбеді.



Күн шежіресі