Мақсат Есболат Alash Pride 99 турнирінде бразилиялық қарсыластан жеңілді
Қазақстандық жауынгер Мақсат Есболат Шымкентте өткен Alash Pride 99 турнирінің басты жекпе-жегінде бразилиялық Лукас Оливейрадан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бірінші раунд екі жауынгер де мұқият бастады, соққылармен айырбастау орын алды. Бір сәтте қазақстандық сәтсіз қадам жасап, ақсап қалды. Жарақатымен бірінші раундтың соңына дейін төбелесіп, екінші раундтың басында оған медициналық көмек қажет болды. Жаттықтырушылармен және медициналық қызметкерлердің ақылдасуынан кейін жекпе-жекті жалғастырмау туралы шешім қабылданды. Осылайша, Лукас Оливейра 66 келі салмақта лиганың жаңа чемпионы атанды.
Жекпе-жектен кейін Есболат лига басшыларынан Оливейрамен реванш сұрады. Бразилиялықтың өзі екінші жекпе-жекке келісім берді. Есболат үшін бұл жеңіліс мансаптағы төртінші, сонымен қатар оның бес жеңісі бар. Оливейра үш жеңіліспен қоса алтыншы жекпе-жекте жеңіске жетті.