logo

Винокуров жаңа маусымға жоспарын айтты

Винокуров жаңа маусымға жоспарын айтты

Astana Qazaqstan Team кәсіби велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров 2024 жылға мақсаттарымен бөлісті.

Жаңа жылда біз жетістіктен үміттіміз, бірақ осыған дейінгі жылдары «Астана» көрсеткен өнерден бөлек болады. Құрамымыз өте жақсы, өзіміз үшін жаңа бағыт - жаппай спринт, біркүндік және классикалық жарыста көп жұмыс атқардық. Осы жерде өзімізді көрсетеміз деп ойлаймын. Әлбетте, «Астана» қашан да Гранд-турларда жоғары мақсаттар қоятын команда ретінде танымал, дегенмен әзірше күте тұруға тура келеді. Команда сапында Джиро, Тур де Франс және Вуэльта сынды суперкөпкүндіктерде өзін жақсы көрсете алатын шабандоздар бар, бірақ әзірше жеңіс тұғырына көтерілу өте қиын. Бірақ біз бір орында тұрмаймыз, көп еңбектеніп, жоғалтқан позицияны қайтаруға тырысамыз. Әзірше спринт, классика және көпкүндік жарыстарға ден қоямыз. Сол арқылы «Астана» жобасымен егіз келген жеңіс дәмін толыққанды қайтаруға тырысамыз.

Естеріңізге сала кетсек, 2024 жылдың жаңа құрамын Astana Qazaqstan Team желтоқсан айының екінші жартысында таныстырған еді.



Күн шежіресі