Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Хорватиядағы турнирде өнер көрсетеді
Қазақстан құрамасының мәнерлеп сырғанаушысы Софья Самоделкина Загребте (Хорватия) өтетін халықаралық «Челленджер» сериясының турниріне қатысады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Спортшының есімі Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы жариялаған қатысушылар тізімінде көрсетілген.
Жалпы жарыс тізімінде 49 мәнерлеп сырғанаушы бар. Тағы бесеуі қосалқы спортшылар ретінде тіркелген.
Турнир 3-6 желтоқсан аралығында өтеді.
Айта кетейік, Самоделкина осыған дейін Жапонияның Осака қаласында өткен Гран-при кезеңінде күміс медаль жеңіп алған еді.