Максим Гришин Егембердиевпен жекпе-жегі туралы: Оны жеңуге тырысамыз

UFC-дің бұрынғы файтері Максим Гришин АСА-ға берген сұхбатында қазақстандық Евгений Егембердиевпен жекпе-жегі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport+.
«Санкт-Петербургке қайта оралғаныма қуаныштымын, дәл осы жерде мен Шердогқа енген алғашқы кәсіби жекпе-жегімді өткізгенмін. Евгений өз стилінде көп нәрсе жасауға тырысады, ал біз оны айналып өтеміз», — деді Гришин.
Турнир 10 мамырда өтеді. Барлық ивентті Sport+ арнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады.