logo

Макс Эбонг «Астанадан» кетіп, ЦСКА клубына ауысты

Макс Эбонг «Астанадан» кетіп, ЦСКА клубына ауысты

Беларусь құрамасының жартылай қорғаушысы Макс Эбонг Болгарияның ЦСКА (София) клубымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport+ елордалық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

26 жастағы футболшы болгариялық клубпен үш жылдық келісімшарт жасасты.

Макс Эбонг 2020 жылдан бері «Астана» сапында өнер көрсетті. Қазақстан Премьер-лигасы аясында жартылай қорғаушы 125 матч өткізіп, 10 гол соғып, 21 нәтижелі пас берді.

«Астана» құрамында Эбонг Қазақстан чемпионы атанып, ел Суперкубогын екі рет жеңіп алды және Лига кубогының иегері болды.



Күн шежіресі