«Қызылжар» жас талантты футболшыны қатарына қосты
Петропавлдық «Қызылжар» клубы 19 жастағы қазақстандық қорғаушы Әлихан Серікбаймен келісімшартқа қол қойғанын хабарлады, деп жазады Sport+.
Тараптар екі жылдық келісімге келді.
Өткен маусымда жас қазақстандық Бірінші лигада «Каспий» клубының сапында өнер көрсетті: ақтаулық команда үшін 28 матч өткізіп, бір гол соқты. Сондай-ақ Серікбай Қазақстанның U-21 жастар құрамасына шақырылып, оның құрамында төрт ойынға қатысты.