logo

Магомед Адиев: Қазақстандағы жұмыс туралы әңгіме болды

Магомед Адиев: Қазақстандағы жұмыс туралы әңгіме болды

Қазақстан құрамасының және қарағандылық «Шахтердің» бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев «СЭ» сайтына берген сұхбатында өзінің болашағы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Әңгімелер бар. Көріп отырғаныңыздай, мен қазір көрермен ретіндемін. Ресей чемпионатында да, Қазақстанда да әңгімелер болды. Бірақ шешім табылар емес. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Мен [ұсынысты] лайық деп санасам, оны қарастырамын», — деді Адиев. 

Ресейлік бапкердің соңғы жұмыс орны грозныйлық «Ахмат» клубы болды. 1 қыркүйекте Адиев аталмыш клубтың бас бапкері қызметін босатты.