logo

Легионер болған соң білгенін істеп жатыр: Балауса Мұздыман Елена Рыбакинаға шүйлікті

Легионер болған соң білгенін істеп жатыр: Балауса Мұздыман Елена Рыбакинаға шүйлікті

Қазақстанның ең әдемі боксшысы Балауса Мұздыман Ресейден келген легионер теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцеваның Париж Олимпиадасына қатысудан бас тартқанына қатысты өз пікірін айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Парижде жүлде алған спортшыларды сынамауға шақырды.

Боксшы қыздың айтуынша, әлем аренасында қазақтың атын шығарған спортшылармен мақтануымыз керек.

«Қазақты қазақ қана көре алмайды» десең ренжиді. Бірақ ол рас әңгіме. Елдос Сметовті «анасының баласы» деп шықтыңыздар, Демеу Жадыраевтың биін сынадыңыздар. Елена Рыбакинаның денсаулығына қатысты айттыңыздар. Талқыланбаған спортшы қалмаған шығар. Бірақ олар қолынан келгенінінің бәрін жасады деп ойлаймын. Біз спортшыларымыз үшін мақтануымыз керек. Олар әлемдік аренада елімізді көрсетті», - деді Балауса Мұздыман.

Ал Елена Рыбакинаны өзге спортшы қыздармен салыстырды.

«Легионер болған соң білгенін істеп жатыр. Қазақстанда туып өссе, қай ұлт болсын кіндік қаны тамған туған еліне бүйрегі бұрып тұрады ғой. Біздің құрамада да жүректері қазақ деп соғып тұрған басқа ұлттың қыздары бар. Елдің намысын қорғап, туымызды биікке көтеріп жүр. Өйткені, олар Қазақстанда туған, олардың отаны – Қазақстан. Ауырып өлейін деп тұрса да рингке шығып аяғына дейін бокстасады. Өйткені, қазақ елі оларға сеніп отырғанын сезінеді. Ал легионерлерде ондай сезім жоқ. Олар тек біздің елдің атынан шығуға мүмкіндік алып, сол арқылы ақша табады», - деп жазды Балауса Мұздыман.