logo

Кристина Силаева: Алда менің жақсы нәтиже көрсете алатын қашықтығым бар

Кристина Силаева: Алда менің жақсы нәтиже көрсете алатын қашықтығым бар

Қазақстандық конькимен жүгіруші Кристина Силаева Олимпиада ойындарында алғаш рет өнер көрсетті. Спортшы Италиядағы жарыста 1000 метр қашықтықта сынға түсті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Кристина Силаева 1:17,57 секунд уақыт көрсеткішімен мәреге жетіп, 28-орынға тұрақтады.

«Бұл — менің мансабымдағы алғашқы Олимпиада. Төрт жылда бір өтетін басты жарыста дебют жасадым. Өкінішке қарай, қатты толқыдым әрі барлық жағдайды бақылауымда ұстай алмадым. Жақсы нәтиже көрсеткім келген. Алайда бәрі ойдағыдай болмады.

Соған қарамастан, үмітімді үзбеймін. Алда менің негізгі, яғни жақсы нәтиже көрсете алатын қашықтығым бар. Оған бүкіл маусым бойы дайындалдым. 500 метрге жарысамын. Осы жолы өзімді 1000 метрге қарағанда әлдеқайда жақсы қырымнан көрсетуге тырысамын», — деді спортшы.

Айта кетейік, әйелдер арасындағы 500 метр қашықтықтағы жарыстар 15 ақпанда өтеді.



Күн шежіресі