logo

Конькимен жүгіруші Евгений Кошкин Азия ойындары-2025 күміс жүлдегері атанды

Конькимен жүгіруші Евгений Кошкин Азия ойындары-2025 күміс жүлдегері атанды

Конькимен жүгіруші Евгений Кошкин Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында күміс жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Спортшы 100 метр қашықтықта екінші нәтиже көрсетті. Ол тек қытайлық Гао Тиньююға жол берді. Үздік үштікті Оңтүстік кореялық Джун Хо Ким түйіндеді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының еншісінде қазір екі күміс жүлде бар. Бұған дейін Қазақстан құрамасы шорт-тректен аралас эстафетада екінші орын алған болатын.



Күн шежіресі