Конькимен жүгіру: Олимпиада алдындағы соңғы Әлем кубогының кезеңіне қатысатын қазақстандықтар анықталды
Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден Әлем кубогының ағымдағы маусымдағы соңғы кезеңі өтеді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Оған Қазақстан құрамасы қатысады. Бапкерлік штабы төмендегі спортшыларды тізімге қосты:
— Надежда Морозова
— Арина Ильященко
— Елизавета Голубева
— Алена Лифатова
— Кристина Силаева
— Евгений Кошкин
— Нұралы Ақжол
— Роман Биназаров
— Артур Галиев
— Александр Кленко
— Вадим Якубовский
— Алтай Жәрдембекұлы
— Андрей Зуев
Әлем кубогының кезеңі 23-25 қаңтар аралығында өтеді. Айта кетейік, бұл турнир 2026 жылғы Олимпиада ойындарының алдында өтетін халықаралық күнтізбедегі соңғы бәсеке болмақ.