Кирилл Савицкий жаңа клуб тапты

«Барыс» Кирилл Савицкиймен біржақты келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.
Келісім 2026 жылдың 31 мамырына дейін бір маусымға есептелген.
Қазақстан құрамасының шабуылшысы соңғы бес жыл бойы ҚХЛ-де «Барыс» сапында өнер көрсетіп келеді. Өткен маусымның тұрақты чемпионатында Савицкий 45 матчқа қатысып, 14 (6+8) ұпай жинады. Ол орта есеппен 14 минут 20 секунд мұз айдынында өткізген.