logo

Камила Құлмағамбетова: Жанкүйерлеріміздің алдында кеткен есемізді қайтарамыз деп ойлаймын

Камила Құлмағамбетова: Жанкүйерлеріміздің алдында кеткен есемізді қайтарамыз деп ойлаймын
Қазақстан әйелдер құрамасының жартылай қорғаушысы Камила Құлмағамбетова ҚФФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында Армениямен өткен матч туралы айтып берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

– Бірінші таймда барлық мүмкіндігімізді пайдалануымыз керек еді. Гол соғатындай мүмкіндіктеріміз болды. Бірақ тек екінші таймда ғана қарсылас қақпасын дәл көздедік. Тым болмағанда, тең есепті тіркеуге аз ғана күшіміз жетпеді. Жанкүйерлеріміздің алдында кеткен есемізді қайтарамыз деп ойлаймын. Үйге оралып, қателіктерімізді түзеп, жеңіске жетуге тырысамыз. Бізді қолдауға келетін жанкүйерлерімізді қуантамыз деп сенемін, - деді футболшы. 

Қазақстан қыздар құрамасы 31 мамырда Армавир қаласында өткен ойында Армения құрамасын жол берді. Қорытынды есеп - 2:1. Құрамалар арасындағы екінші ойын 4 маусым күні Алматы қаласының Орталық стадионында өтеді деп жоспарланған.


Күн шежіресі