Италиялық футболшының мәйіті қонақүйден табылды

Италиялық футболшының мәйіті қонақүйден табылды

Италиялық «Кальяри» футбол клубының бұрынғы жартылай қорғаушысы Андреа Капоне 44 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Кальяри» клубының баспасөз қызметі ақпаратты растады.

«Экс-футболшының денесі жексенбі күні таңертең Кальяри қаласындағы қонақүйден табылды. Ол достарымен кештен кейін қонақүйде түнеген және болжам бойынша, құлап, басынан жарақат алған», – делінген ақпаратта.

«РИА Новости» мәліметінше, алдын ала нұсқа бойынша 43 жастағы Капоне кездейсоқ баспалдақтан құлап, басынан соққы алған.



Күн шежіресі